Қауіпсіздік - әр адамның жауапкершілігі
Қауіпсіздік - әр адамның жауапкершілігі. 1 наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай облыста іс-шаралар басталды. Су тасқыны, өрт, техногендік апаттар, мұның бәрі тосыннан келуі мүмкін. Осындай жағдайда дұрыс әрекет ету үшін облыс бойынша азаматтық қорғаныс айлығы ұйымдастырылды. Осыған орай облыстық ТЖД бір айға жоспарланған кешенді іс-шаралар бекітілді. 27 ақпанда облыстық ТЖД Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен бірлесіп көрсетілімдік оқу-жаттығу өткізеді. Онда эвакуациялау тәртібі, қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталады. Сонымен қатар, мектептерде азаматтық қорғау элементтері енгізілген спорттық эстафеталар өтеді. Ал 2 наурыз күні азаматтық қорғаныс тақырыбында облыстық облыстық онлайн-диктант ұйымдастырылып, қатысушылар арнайы сілтеме арқылы білімдерін тексеріп, үздік нәтиже көрсеткендер марапатталады. Бұдан бөлек, QR-кодтары бар арнайы күнтізбелер әзірленіп, тұрғындарға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы өзекті ақпарат ұсынылады. Мамандардың айтуынша, барлық іс-шаралардың негізгі мақсаты - тек ақпарат беру емес, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.Количество показов: 8
Дата создания: 27.02.2026 07:59:32



















