Қауіпсіз мектеп ортақ міндет
Білім ордаларында жеткіншектер үшін қауіпсіз орта қалыптастыру ең маңызды жұмыс. Осы бағытта бүгін №8 орта мектепте "Қауіпсіз мектеп қалыптастырудағы сынып жетекшінің рөлі" тақырыбында сынып жетекшілері сөз қозғады. 100 жас маман сынып жетекшілік өтілін жаңадан бастаған кадрлар. Сондықтан мұғалімдерге бала құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты заң талаптары толықтай түсіндірілді. Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруда сынып жетекшінің рөлі ерекше. Себебі оқушымен күнделікті жұмыс істейтін педагог баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып байқап, мәселенің алдын алуға ықпал ете алады. Семинардың практикалық бөлімінде педагог-психологтар жас мамандарға түрлі тапсырмалар беріп, ситуациядан жасөспірімдерді қалай алып шығу тәсілдерін үйретті. Бүгінгі семинар жас жетекшілер үшін өте қажетті білім болды. 100 жас маман оқушылар арасында өзін қалай ұстап, сауатты сөйлесу мәнеріне үйретілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай семинарлар жас сынып жетекшілерінің арасында әлі де жүргізіле береді. Жоспар бойынша мектептегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін семинарлар аудан мен ауыл мектептерінде де өткізілмек.Количество показов: 13
Дата создания: 10.09.2026 08:59:10



















