Қатты желдің салдарынан қураған ағаштар құлап жатыр
Екі күннен бері аймақта жел күшейіп тұр. Қураған ағаштар желдің ырқына шыдас бермей бірінен соң бірі құлап жатыр. 312 атқыштар дивизиясы даңғылының бойындағы бірнеше жерде ағаштар сынып, құлаған. Тұрғындар алаңдаулы. Абайсызда жазым боламыз ба деп уайымдаған ақтөбеліктер талдарға күтім жоқ дейді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары жағдайдың бақылауда екенін айтады. Бүгінге дейін зардап шекккендер жоқ. Жедел құтқару сақшыларының мәліметінше, шаһардың бірнеше аумағында апатты жағдайлар болып, тұрғындардан шақырту түскен. Аталған орындарға 4 кұтқарушы 1 техника жедел жөнелтілген. Діттеген жерге дер кезінде жетіп, жазатайым жағдайлардың алдын алыпты. Дегенмен қауіп сейілді деуге әлі ерте. Қала ортасында әлі де күтімсіз қалған ағаштар жетерлік. Тұрғындар жауапты мекемелерден нақты қадам күтіп отыр. Ал мамандар мұндай кезде сақ болуға шақырады.Количество показов: 9
Дата создания: 17.04.2026 06:48:53



















