Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына прокурорлар мен жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар жиналды. Олар жайсыз отбасындағы жасөспірімдердің тағдырына жауапты. Сазды полиция бөлімінің инспекторлары түн ішінде үлкендердің қарауынсыз көше кезіп, демалыс орындарында жүретін жасөспірімдерді ата-аналарына табыстау мәселе тудырып тұрғанын жеткізді. Кешкілік полиция учаскесіне жеткізіліп жататын жасөспірімдердің ізінен ата-аналары іздеп келмейді. Ал бейімдеу орталығы қала жасөспірімдерін қабылдаудан бас тартқан. Мұндайда жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлардың қалтасына да жүк түседі. Олар бүгінде өз ақшаларына такси шақыртып, жасөспірімді үйіне жеткізіп, ата-ана қолына тапсырып жүр. Бүгінгі жиында инспекторлар бейімдеу орталығы қала жасөспірімдерін қабылдасын деп облыстық білім басқармасына ұсыныс түсірді.
Сазды полиция бөлімінде 47 жайсыз отбасы тіркеуде тұр. Инспекторлар оларды ай сайын бақылап, пәтерлеріндегі жағдайды біліп отырады. Барлығы 89 бала жіті қадағалауға алынған. Ал облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қазір 24 бала тәрбиеленіп жатыр. Кішкентайы үште, үлкені 16 жаста. Мұнда балалар түскен күннен бастап үш айға дейін болады. Орталықтың қабылдау бөлімі демалыссыз, үзіліссіз жұмыс істейді.
Количество показов: 1879
Дата создания: 17.11.2016 18:36:03
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>