Астана ауданының әкімі жылдық есебін берді
Астана ауданының әкімі бүгін 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер бойынша есеп берді. Тұрғындар үшін маңызды инфрақұрылым, жол жөндеуі және елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жағдайы сөз болды. Есеп Сазды мәдениет үйінде өтті. Кездесуге Сазды, Бауырластар, Байқадам, Таңшолпан, Көкжиде және Парасат елді мекендерінің тұрғындары қатысты. 2025 жылы Астана ауданы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Сазды ауылында автомобиль жолдары орташа жөнделді, мектепке дейінгі жолдың 0,5 шақырымы қалпына келтірілді. 150 метрге қиыршық тас төселді. Сонымен қатар 650 орындық жаңа мектеп құрылысы жалғасуда.2026 жылға арналған жобалар – балалар ойын алаңдары, футбол алаңы, воркаут, көше жарығын жаңарту және ойын алаңын қоршау. Көшелерге жаңа атаулар беріліп, аншлагтар орнатылды. Бауырластар тұрғын алабында автомобиль жолдарының құрылысы, қиыршық тас төсеу, көше атауларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселелер бойынша Сазды елді мекенінің тұрғындарының ойын білген едік . Байқадам:1200 орындық мектеп, 2,9 км мектепке апаратын жолдың құрылысы басталған. 6,5 км қиыршық тас төсеу аяқталды. 2026 жылға арналған жобалар – балалар алаңдары, футбол алаңы, көше жарығы, қоршау. Таңшолпан елді мекенінде 2,5 км автомобиль жолы салынды, 6,3 км қиыршық тас төселді. Контейнер алаңдары жаңартылды.Су тасқынының алдын алу үшін 57 метр арық қазылды.2026 жылға жобалар – футбол алаңы, воркаут, беседка, балалар алаңы, жарықтандыру. Көкжиде ауылында 20,6 км қиыршық тас төселді. 3,5 км жолсыз аумаққа грейдер жүргізілді. Сондай-ақ ауылдық су жүйесі жаңартылуда.Думан да 16 км қиыршық тас төселді, көктемгі су тасқынына қарсы 440 метр бөгет салынды. Парасат та Ауыз су мәселесі шешілуде. 5,2 км қиыршық тас төселді. Қоғамдық көлік пен электр желілері мәселесін көтерді.Тұрғындардың басым сұрағы – ауылішілік жолдар, ауыз су тапшылығы, қоғамдық көлік жетіспеуі және көше жарығы. Әкім барлық айтылған өтініштер назарға алынатынын айтып, алдағы жылы негізгі проблемалар кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Аудан басшылығы 2026 жылы әлеуметтік нысандарды көбейтуге, жол сапасын жақсартуға және инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғыртуға басымдық бермек. Тұрғындар айтқан ұсыныстар бақылауда болады.Количество показов: 26
Дата создания: 15.11.2025 08:09:03



















