Астана ауданының әкімі халықпен кездесті
Шаһардағы аудан әкімдерінің халықпен кездесулері басталды. Астана ауданы әкімінің есебі автомобиль жолдарынан басталды. Биыл Мәңгілік ел көшесі, Жаңақоныс ауданы бойынша Абай көшесінен Едіге батыр даңғылына шығатын жолдар, сонымен қатар Сәңкібай батыр даңғылынан Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі жол құрылысы жалғасын табатын болады. Былтыр жалпы ұзындығы 130 шақырым жолдарға қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Биыл тағы 40 шақырымға тас төсеу жоспарланған. Халық қатысатын бюджетке байланысты 57 жоба бар. Қазіргі таңда 11 жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр деп атап өтті Астана ауданының әкімі. Жолаушылар тасымалы туралы да айтылды. Автобус паркін жаңарту мақсатында соңғы 4 жыл ішінде 350-ге жуық автобус сатып алынды. Қазір халық игілігіне берілген. Жасалмай жатқан жұмыстар, көңілдерінен шықпай, нәтиже көрмей жүрген тұрғындар тарапынан сұрақтар болмады. Әйтсе де халық тарапынан ұсыныстар айтылды. Әкімдердің жұмысын жіті қарап, бақылап жүретін қоғамдық кеңес мүшелерінен де сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Ақ жағалы келушілердің ұсынысын тыңдап, сұрақтар қаралатынына, мәселелердің шешілетінін айтты. Кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімі жеке сұрақтары бар тұрғындарды қабылдады. Әр аудан тұрғындарымен кездесу жалғасын табады.Количество показов: 7
Дата создания: 04.02.2026 08:12:11



















