Астана ауданындағы қар тазалау жұмыстарына шағым көп
Қыс басталғалы шаһарда қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін 45 мың текше метрден астам қар шығарылған. Өңір басшысы Асхат Шахаров өткен демалыс күндері Алматы және Астана аудандарындағы жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Себебі, тұрғындар тарапынан қар мен көктайғаққа қатысты шағым көп. Аймақ басшысы алдымен Астана ауданын аралап көрді. «Алақай» қуыршақ театры ғимаратының артындағы скверді қарап, халық арасында «стометровка» аталатын жаяу жүргіншілер аймағы мен Тұрғындар қалашығы көшелерімен жаяу жүріп өтті. Аудан тазалығына 5 мердігер мекеме жауапты. Қазір қаладағы өзекті мәселе - жаяулар жолдарындағы көк мұз. Соңғы 2-апта ішінде 109 ахуалдық орталығына қар шығару, жолдар мен автотұрақтарды және мектептерге кіреберіс жолдарды тазалау бойынша 1807 өтініш түскен. Аралау кезінде облыс әкімі тайғақ жаяу серуендеу жолдары мен жол жиегіндегі қар үйінділеріне назар аударды. "Өтес Ақтөбе" серіктестігінің аумағындағы жаяулар жолындағы ойылмаған мұздарға шүйлікті. Өңір басшысы Мәскеу ауданының жеке секторында да болды. Бұл аумақта қар тазалау және шығару жұмыстарына «Ақжол ltd» мердігер ұйымы жауапты. Мекеме жұмысына да көптің көңілі толмайды. Басшысы ескертулер алды. Қазір қар тазалау және тротуарларды көктайғақтан ашу жұмыстарына 357 арнайы техника жұмылдырылған. Олардың қатарында жүк көліктері, тежегіштер, тракторлар бар. Күндіз 22, түнгі ауысымда 14 бригада жұмыс істейді.Количество показов: 10
Дата создания: 20.01.2026 07:37:05



















