Ас-адамның арқауы
"Дәмді тағамдар күні" - бейресми мереке. Нақты халықаралық немесе ресми түрде белгіленбеген. Дегенмен, бұл күн - тағамнан ләззат алуға, ұлттық асханаларды дәріптеуге, эмоциялық көңіл-күй сыйлауға бағытталған. Адамдардың сүйікті тағамдарына арналған күн. Тек тәтті емес, дәмі тіл үйіретін кез келген тағамды жеуге болады. Ал, белгілі бір уақытта ғана емес, күнде дәмді тағам жеу қолжетімді ме? Адамның миы дәмге жауап береді. Демек, дәмді әрі сүйікті тағам жеген адамның көңіл-күйі де көтеріңкі болады деген сөз. Кей адам балалық шағында жеген тағамын ұмытпай ересек өмірде де сол дәмді аңсауы мүмкін. Яғни, эмоциямен де байланысты болады.Тағамнан ләззат алу – нағыз қуаныш көзі. Алайда бұл жерде тепе-теңдік маңызды. Себебі, дәмді тағамның өзі артықшылыққа айналса, денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Шектен тыс тамақ жеу әдетке айналса артық салмақ пен депрессияға да түсу қауіпі бар. Сондықтан барлық жағынан "алтын орта" қағидасын ұстану – дұрыс шешім.
Количество показов: 15
Дата создания: 17.07.2025 08:02:47