Қаржы саласының мамандарына жаңа ережелер түсіндірілді
Биыл жаңа Салық кодексі қабылданған болатын. Бүгін қалалық әкімдікпен Қазақстандық бухгалтерлік аутсорсинг қауымдастығы бірлесіп, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының қолдауымен арнайы семинар өткізді. Қатысушылар жаңа Салық кодексі бойынша туындаған сұрақтарына жауап алып, тың ақпараттармен танысты. Мамандардың айтуынша, жаңа Салық кодексінде 2017 жылмен салыстырғанда өзгерістер көп және қолданушылар үшін түсініксіз болуы әбден мүмкін. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер үшін арнайы тексеріс жоспарлы түрде өткізілсе, ендігі кезекте жоспардан тыс болады дейді мамандар. Семинарға кәсіпкерлер, бухгалтерлер, аудиторлар және қаржы саласының мамандары қатысты. Салықшылар жаңа нормалардың ерекшеліктерін айтып, оларды тәжірибеде қалай қолдану керектігін түсіндірді. Шарада түсіндірме-ақпарат берушілер - "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған сауда және қызметтер көрсету салалық кеңесінің мүшелері болды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған салықтық жеңілдіктер мен арнайы режимдер туралы ақпарат берілді. Мамандар жаңа нормалардың ерекшеліктерін айтып, оларды тәжірибеде қалай қолдану керектігін түсіндірді. Бұдан бөлек, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, электрондық шот-фактуралар жүйесіндегі өзгерістер мен мемлекеттік цифрлық сервистерді пайдалану жолдары түсіндірілді.Количество показов: 10
Дата создания: 24.04.2026 07:36:32



















