Арықтар тазартылып жатыр
Қала көшелерін қыстан кейін көктемгі балшықтан, қаланың жол учаскелерін тазарту жұмыстары басталды. Қыстан кейін шыққан, көшелерде шашылған қоқысты жұмысшылар жинап жүр. Еріген қар суы жиналған учаскелерден алынуда. Бұған көшедегі арықтарды тазарту жұмыстары да кіреді. Алтынсарин көшесіндегі арық қардан тазартылғаны көрініп тұр. Үйінді қарлар көлеңкеде жатып, әлі де ери қоймаған. Әйтсе де тұрғындар, арықтардың не пайдасын, не зиянын көріп отырған жоқпыз дейді. Арнасынан ағып, су тасып жатқан арықты да көрмедік, үнемі құрғақ болып тұрады, деседі олар. Одан бөлек қала жолдарын қыс айларында күтіп ұстаумен айналысқан 13 мердігер ұйым, жаяу жүргіншілер жолдарына жұмылдырылған 11 мердігер және жол белгілерін, қоршауларды тазалаушы ұйым жұмыстарын бастады.Количество показов: 7
Дата создания: 21.03.2026 06:53:43



















