Қараусыз қалған мекен
Қала ортасында орналасқан Айгөлек көшесінің тұрғындары қыс ортасында коммуналдық қызметтердің жұмысына шағымданған болатын. Олардың айтуынша, қар ұзақ уақыт бойы шығарылмаған. Бірнеше апта бұрын қардың бір бөлігі ғана шығарылғанымен, көшелерде қайтадан қар үйінділері пайда болыпты. Жол жиегіндегі мұзды қар әлі сол қалпында жатыр. Мұндағы тағы бір мәселе — қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдардың жоқтығы. Соның салдарынан тұрмыстық қалдықтар жол жиегі мен қоршаулардың бойына үйіледі. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары үйреншікті көрініске айналған. Қаңғыбас иттер де көп. Угольник тұрғын алабы осыдан көп жыл бұрын салынған. Мұндағы үйлер теміржолға өте жақын орналасқан. Содан бері аудан айтарлықтай өзгермеді дейді көнекөз тұрғындар. Көктемгі су тасқыны мен нөсер жаңбыр кезінде су аулалар мен үйлерге дейін кіреді екен. Қалың қар түссе, суға кетеміз бе деп алаңдайды. Көшелердің басым бөлігінде асфальт та, жарық та жоқ. Тұрғындар қала орталығына жақын орналасқан мекенге абаттандыру жұмыстары алда жасалады деп сенеді. Себебі аз да болса қозғалыс бар деп қуанып отыр.Количество показов: 5
Дата создания: 25.02.2026 07:46:11



















