Қарғалы ауданында биыл 151 мың гектар жерге дәнді дақыл егілді
Қарғалы ауданында соңғы 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 32 миллиард теңгеден асты. Құрылыс көлемі 184 пайызға, инвестиция 16 миллиард теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында да өсім бар. 7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаевтың сөзінше, бюджет кірісі жоспардан асып, 138 пайызға орындалған. Ауданда 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артқан. Қарғалы ауданында биыл 151 мың гектар жерге дәнді дақыл егілді. Картоптан 33 мың тонна, майлы дақылдардан 2,8 мың тонна өнім алынған. Мал шаруашылығында да өсім бар, дейді аудан әкімі. Ірі қара – 23 мың, ұсақ мал – 24 мың, жылқы – 4 мыңнан асады. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 182 миллион теңгеге 21 жоба тапсырылып, 82 миллион теңгеге 13 жоба қаржыландырылған. Білім беру,, мәдениет және спорт салаларында да жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері Қарғалы аудандық ауруханасы жалпы тәжірибелік дәрігері, офтальмолог, невропатолог, акушер-гинеколог, хирург және психиатр-нарколог секілді жас мамандармен толыққан. Медицина қызметкерлерінің шақыртуларға барып, келуі үшін арнайы көлік сатып алынды, дейді Нұрлыбек Өнербаев. Одан бөлек медицина мекемесіне 20 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынған.Количество показов: 24
Дата создания: 15.10.2025 08:27:40