“Aqtobe Su EnergyGroup” АҚ-на 900 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Тексеру барысында Елек өзеніне төгілетін сарқынды суларды шекті рұқсат етілген нормадан асыру, қалдықтарды басқару тәртібін бұзу, табиғат пайдалану шарттарын орындамау, топырақты ластау секілді заңбұзушылықтар анықталған. Облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Талап Ұснадиннің айтуынша, кәсіпорынға қатысты 18 хаттама толтырылып, 923,4 млн теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 4 хаттама бойынша іс сотқа жетпей қысқартылған тәртіпте аяқталды. Сөйтіп, 2 млн 100 мың теңге айыппұлды “Aqtobe Su EnergyGroup” АҚ бүгін өтеді. Ал, қалған 14 хаттама бойынша кәсіпорын айыптаулармен келіспегендіктен іс мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Республика бойынша Ақтөбе ластанған қалалардың ондығына кіреді. Жыл сайын тұрғындар ауаның күкіртсутекпен ластану жағдайларына жаппай шағымданады. Жағымсыз иіс пен ластанған ауадан мезі болған ақтөбеліктер «Aqtobe Su EnergyGroup” компаниясы қамтамасыз етіп отырған үйдегі кран суын да тұтыну мүмкін болмай бара жатқанын айтады. “Aqtobe Su EnergyGroup” АҚ қала мен қала маңындағы елді мекендерді ауыз сумен қаматамасыз етеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суларын қабылдаумен, тасымалдаумен және тазартумен айналысады.
Количество показов: 897
Дата создания: 16.06.2022 18:52:35














 
    




 