Анатолий Дружининнің 80-жылдығына орай еске алу кеші өтті
Ел қауіпсіздігі жолында қызмет еткен тұлғалардың есімін ұлықтау - кейінгі ұрпақ үшін маңызды өнеге. Осыған байланысты қалада генерал-майор Анатолий Дружининнің 80 жылдығына арналған еске алу шарасы өтіп, оның өмір жолы мен Отан алдындағы еңбегі насихатталды.№16 орта мектепте генерал-майор Анатолий Дружининнің 80 жылдығына арналған еске алу шарасы ұйымдастырылды. Генерал майор аталған мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған. Анатолий Дружинин 1946 жылдың 15 шілдеде дүниеге келген. Балалық шағы Мәртөк ауданында өтіп, кейін отбасы Ақтөбе қаласына көшкен. Жақындары өзге мемлекетке көшкенімен, ол туған жерінде қалып, өмірін ел қауіпсіздігі саласына арнауды жөн көріпті. Еңбек жолын Ұлттық қауіпсіздік органдарында бастап, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында басшылық қызметтерге дейін көтерілген. Ақтөбе облысында бөлімше басшылығынан бастап, кейін Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы департаменттерді басқарған. Сондай-ақ Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшылығы, ардагерлер, педагогтер мен оқушылар қатысты. Генерал-майор Анатолий Дружининге арналған мемориалдық тақта мен танымдық стенд ашылды. Шара кезінде бауыры Николай Дружинин естеліктерімен бөлісіп, генералдың сөздерін еске алды. Замандастарының айтуынша, өз ісіне адал, адамгершілігі мол кісі болған.Шараның басталуы- генерал-майорды үнсізікпен еске алып, гүл шоқтарын қоюдан басталды. "Бұл бастама жас ұрпақтың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, патриоттық тәрбиеге серпін береді", -дейді ұйымдастырушылар.
Количество показов: 12
Дата создания: 16.06.2026 05:47:52



















