Аналар қаржылық сауаттылық дағдыларын меңгерді
Қалалық отбасын қорғау орталығында өткен сенбіде "Отбасылық бюджетті тиімді басқару" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шара "Отбасы күніне" орай ұйымдастырылған. Аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылардың отаналары шақырылды. "Ақшаны басқара білу - ақшаны дұрыс жұмсай білу" дейді спикер Алма Сапар. Көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп, ақшаны дұрыс басқару жолдарын келіншектерге үйретті. "Балық берме, қармақ бер" дейді Алма Сапар. Семинарға келген нәзік жандылар да қызығушылықтарын білдірді. Өз сөзінде спикер отбасының үлкен еңбек екенін, әр мүшеге бір-бірін түсіну, құрметтеу және тыңдай білу маңызды екенін атап өтті. Алма Сапар мұндай оқыту семинарларын алғаш өткізіп отырған жоқ. Ол әрбір тыңдарманнан жақсы пікір мен алғыс естіп жүр. Нәтиже ең басты орында дейді ол. Отбасы күні – әрқайсымызға күнделікті қарбаласты бір сәтке тоқтатып, туған-туыстарымызға уақыт бөлуге жақсы мүмкіндік. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қаржылық сауаттылық бойынша сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды. Қалалық отбасын қолдау орталығында аз қамтылған, көп балалы отбасылардың аналары жиі келіп, кеңес алады. Орталық 2023 жылдан бері жұмыс жасайды. Ал, Есет батыр тұрғын алабында филиалы ашылғанына көп уақыт болмаған. Мұнда балалар мен ересектер психологтары, медиаторлар, заңгерлер тегін кеңес береді. Жұмыссыз аналарды қолдау мақсатында түрлі курстар ұйымдастырылады.Количество показов: 24
Дата создания: 16.09.2025 08:00:50