Анаға тағзым ғимараты алдына 20 түп шырша ағашы отырғызылды
Өңірде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы игі бастама бүгін Астана ауданында өтті. Дәлірек Анаға тағзым ғимараты жанында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жерге Қытай Халық Республикасы консулдығының өкілдері 20 түп шырша ағашын отырғызды. Өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қадамдар жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұл жолы Астана ауданында сенбілік өтіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл бастамаға халықаралық серіктестер де белсенді түрде атсалысты. Қытай Халық Республикасының консулдығының өкілдері де сенбілікке қатысып, ауданның жасыл желегін арттыруға үлес қосты. Олардың қатысуымен қаладағы «Анаға тағзым» ғимаратының алдында 20 түп шырша отырғызылды."Таза Қазақстан" акциясы аясында қала бойынша екі айлық сенбілік жарияланған болатын. Оған мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандар қатысуда. Астана ауданының әкімі тұрғындарды экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырды. Бүгін отырғызылған әрбір ағаш - ертеңгі таза ауа мен жайлы өмірдің кепілі. Сондықтан мұндай игі бастамалар тек акция ретінде емес, күнделікті әдетке айналуы тиіс,- дейді бүгінгі шараға қатысушылар.
Количество показов: 19
Дата создания: 28.04.2026 00:15:02



















