"Amanat" партиясында өңірлік коалиция құрылды
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты өңірлік коалиция құрылды. Оның құрамына саяси партиялардың аймақтық филиалдары, 20-дан астам үкіметтік емес ұйым мен қоғамдық бірлестік өкілдері, мәслихат депутаттары және қоғам қайраткерлері енді. Жалпы коалиция қатарына 406 адам бірікті. Жиында спикерлер Жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталып, құжатта адам құқығы мен азамат мүддесіне басымдық берілгенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттің басты байлығы табиғи ресурстар емес, білімді әрі бәсекеге қабілетті жас ұрпақ екені айқын көрсетілгені айтылды. Осыған байланысты алдағы уақытта бір ай бойы коалиция мүшелері өңірдегі еңбек ұжымдары мен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова "референдум - биліктің үні емес, халықтың үні",-дейді. Облыс бойынша барлығы 1300-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл бастама қоғамның белсенділігін арттырып, ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етпек.Количество показов: 6
Дата создания: 14.02.2026 07:37:50



















