"Алтын орда" шағын ауданында саябақ жоқ
Алтын Орда ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында жаңадан салынған шағын саябақта абаттандыру жұмыстарының бір бөлігі аяқсыз қалған. Саябақ аумағы шағын, Әлия Молдағұлова даңғылынан Ғазиза Жұбанова көшесіне дейін созылады. Өткен жылы мердігер Мұстафа Шоқай көшесіне дейінгі аралықты бітірген. Ал қалған бөлігінде инженерлік желілер тартылуына байланысты құрылыс уақытша тоқтатылып, биыл жалғастыру жоспарланған. Дегенмен құрылыс жұмыстарының жүріп жатқаны байқалмайды. Тұрғындар бұл аумақта демалыс орнының болғанын қолдайды. Олардың пікірінше, саябақ ауданның көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындардың серуендеп, тынығуына қолайлы орын жасайды. Құрылыс жұмыстарын "Бақыт Құрылыс" ЖШС жүргізіп жатыр. Қазір саябақ аумағында жаяу жүргіншілер жолына кеспе тастар төселіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, жоңышқа егілген. Айта кетейік, саябақ мемлекеттік бюджет қаражатына емес, "Парыз" қорының демеушілігімен салынып жатыр. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін мердігер ұйым оны екі жыл бойы күтіп ұстайтын болады.Количество показов: 15
Дата создания: 10.10.2026 10:19:39



















