"Алтын Орда" ауданында жаңа аллея бой көтермек
Жаңа аллея Алтын Орда ауданында бой көтермек. Қала тұрғындары да көшемізде серуендейтін орындардың болғаны жақсы, дейді. Әсіресе, айнала көгалданып, жанғая сая болатын орындар көбейсе, дейді. Демеушілікпен салынып жатқан аллея аумағында серуендеуге арналған аймақ, воркаут-алаң, веложол мен балалардың ойын алаңдары болады. Сондай-ақ, суағар жүйесі орнатылып, жасыл желек отырғызылмақ. Қала әкімі Азамат Бекет құрылыс жұмыстарына кірісу үшін Ақтөбеге келген компания басшылығымен кездесіп, аллея салынатын орынды барлады.Аталмыш жер көп жылдардан бері игерілмей бос жатқан көрінеді. Жер учаскесінің жалпы ауданы 0,9 гектар. Жауаптылар серуендеуге арналған орынды 6 айдың ішінде бітіріп береміз, деп уәде етті. Бұл аудандағы жаңа нысан жарты жылдан кейін тұрғындардың сүйікті орнына, келесі жазда жасыл желегі көп әдемі аумаққа айналуы тиіс.Количество показов: 14
Дата создания: 26.07.2025 09:59:37