Алтын орда ауданындағы тұрғын үй қабырғасының ішкі беті жарылған
Алтын Орда ауданында орналасқан Тұрғын үй кешені тұрғындары бүгін редакциямызға шағымданды. Екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген тұрғын үйдің қабырғасында жарықтар пайда болған. Тұрғындардың айтуынша, ақаулар бірнеше рет жөнделгенімен, мәселе толық шешілмей отыр. Сондықтан олар құрылыс сапасына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді талап етеді. Алтын Орда шағын ауданындағы 40г мекен жайындағы "Керемет" тұрғын үй кешені тұрғындары бірнеше айдан бері үйде пайда болған жарықтарға қатысты мәселені көтеріп отыр. Олардың айтуынша, бұл мәселе қыс мезгілінен бері жалғасып келеді. Қабырғадағы жарық жертөледен басталыпты. Жертөленің қазіргі күйіне назар салсақ, аумақтың ылғал екенін көруге болады. Нәтижесінде жоғары қабаттағы пәтерлердің қабырғасында жарықтар пайда болыпты. Бұл үй 2023 жылы салынған. Тұрғындардың сөзінше, ақаулар уақытша жөнделіп, тек беті ғана қалпына келтірілген. Дегенмен мәселе толықтай шешілмей отыр, дейді олар. Тұрғындар бірнеше рет жауапты мекемелерге жүгінгендерін айтады. Алайда тұрғындар жүргізілген жұмыстар түйткілді толық шешпеді деп есептейді. Ал құрылыс компаниясының өкілдері тұрғындар көтерген мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады. Сондай-ақ жертөледегі ылғал мәселесін шешу үшін дренаж жүйесі орнатылған екен. Компания өкілі де осы тұрғын үйде тұратынын айтады. Ол мәселе бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарының тексеруі де жүргізіліп жатырғанын жеткізді. Жардағы жарықтардың пайда болуына бірнеше себеп болуы мүмкін. Соның бірі - құрылыс кезінде қолданылған бетон маркасының жобалық талаптарға сәйкес келмеуі. Бұл мәселе бойынша тәуелсіз сарапшылар да тексеру жұмыстарын жүргізген. Сараптама қорытындысында жертөледегі темір-бетон тіректерінде қолданылған бетонның беріктігі жобалық талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін деген тұжырым жасалған. Алайда құрылыс компаниясы бұл қорытындымен келіспейтінін жеткізген. Компания өкілдерінің мәліметінше, сараптаманы жүргізу кезінде қателіктер жіберілуі мүмкін. Осыған байланысты тараптар мәселенің нақты мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдардың тексеруі мен қосымша сараптама нәтижелерін күтуде. Ал жауапты тарап мәселенің назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда жағдай жан-жақты қаралып,тұрғындардың өтініші жерде қалмайды,- дейді."Керемет" тұрғын үй кешенінің халқы қабырғадағы жарықтар жөнделіп, бекітіліп, алдағы уақытта бұл мәселенің толықтай шешілгенін қалайды.Количество показов: 9
Дата создания: 25.06.2026 06:58:44



















