Алтын Орда ауданында орналасқан тұрғын үй кешенімәселесі жылдар бойы шешілмей отыр
Алтын Орда шағын ауданында орналасқан "Баянсұлу" тұрғын үй кешенінің тұрғындары бүгін редакциямызға хабарласып, шағымданды. Айтуларынша, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан инфрақұрылым және үйдің құрылыс сапасына қатысты мәселелер тұрғындардың жүйкесін жұқартқан. Жертөлені су басқан, жол мәселесі шешімін таппаған. Бұл "Баянсұлу" тұрғын үй кешенінің бүгінгі көрінісі. Көзге бірден түсетіні, аяқсыз қалған қолайсыз жол мен суға толған жертөле. Тұрғындардың сөзінше, жаңбыр жауса болды, жол батпаққа айналады. Ал көктем мезгілінде жағдай тіпті қиындай түседі. Ең алаңдатарлығы-көпқабатты үйдің жертөлесі. Мұнда жиналған судың деңгейі жоғарылаған салдарынан ылғал көбейген. Тұрғындар бұл мәселемен жүгінбеген жеріміз қалмады дейді. Облыс әкімдігіне де, аудан әкімдігіне де, құрылысқа жауапты мамандарға да бірнеше мәрте арыз жолдаған. Алайда нәтиже мардымсыз.Жауаптылар мәселені шешу үшін арық қазған. Бірақ жұртшылық бұл жұмыстың сапасына да көңілі толмай отыр. Өйткені қазылған арықтың өзі бүгінде суға толып тұр. Іші толған қоқыс. Иіс пен шіркеулерде пайда бола бастаған. Мәселе тек суға толған жертөле емес. Ашық жатқан шұңқырлар да тұрғындарды қынжылтады. Жұртшылықтың айтуынша, мәселе тек инфрақұрылымда ғана емес. Сондықтан тұрғындар құрылыс компаниясынан жауап күтеді. Мәселенің мән-жайын білу үшін тұрғындар аталған құрылыс компаниясының кеңсесіне де бардық. Алайда мекеме қызметкерлері түсірілім тобына сес көрсетіп, балағаттап, камера алдында пікір білдіруден бас тартты. Бірнеше жыл бойы шешімін таппаған түйткілден шаршаған тұрғындар енді үнсіз отырудан қалған. Өйткені олар үшін бұл жай ғана бір күндік мәселе емес, шешілмес дауға айналған. Бұл үйде тұрамыз, қаншама қаражат салып үйді алдық, әлі несие төлеп жатқандар да бар. Сонда бізге бұл мәселені шешіп беретін ешкім жоқ па?,- деп налиды тұрғындар. Жауаптылар болса, жертөле мәселесі жуық арада шешімін табатынын жеткізді. Одан бұрын арнайы тексеріс жүргіземіз, мәселені қараймыз деп уәде берді. Жауаптылар енді, мәселені назарға алмас бұрын,арнайы тексеріс жүргіземіз деді. Қалғаны уақыт еншісінде. Тұрғындар болса, біздің жанайқайымыз ескерусіз қалмайды деген ниетте.Құрылыс компаниясының да жауаптан қашып отырған себебі, үй екі жылдан асқан болса және анықталған кемшіліктер кепілдік міндеттемелері кезінде ресми түрде тіркелмеген болса, проблемаларды жою жауапкершілігі кондоминиумға, яғни іс жүзінде үй иелерінің өздеріне жүктелуі мүмкін.
Количество показов: 7
Дата создания: 18.06.2026 08:03:53



















