Алматыдағы тергеу изоляторынан қашқан адам Ақтөбеде ұсталды
Кеше қалада арнайы операция жүргізіліп, 15-ақпан күні Алматының тергеу изоляторынан қашқан 34 жастағы Дамир Дәуітов ұсталды. Ол 11-ші шағын аудандағы жалдамалы пәтерлердің бірінде жасырынған. Ер адам полицияның өз еркімен берілу талабын орындамаған. Арнайы жасақ қызметкерлері пәтерге екінші қабаттың балконы арқылы кіріп, оны ұстаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Дәуітов тергеу кезінде изолятордан қашып шыққаннан кейін таксимен Таразға барғанын, одан кейін Ақтөбеге жол-жөнекей көліктермен жетіп, жалдамалы пәтерлерде тұрғанын айтқан. Айта кетейік, ер адам бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Қазір ұрлық пен алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айрылған. Количество показов: 701
Дата создания: 01.03.2021 19:00:56



















