Алматы ауданында былтыр 42 аялдама жөнделді
Бүгін Алматы ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Аудан бойынша өткен жылы жол құрылысы ең ауқымды бағыттардың бірі болды. Қазір мұнда 13 ірі жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, аудан аумағында 10 елді мекенде жаңа жолдар салынып, 9 көшеде орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қоғамдық көліктер мен аялдамалар бойынша қала аумағында 46 бағытта 6 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Алматы ауданында 42 аялдама жөнделіп, 12 жаңа аялдама салынды. Ауланы абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Аудан әкімінің айтуынша, 2025 жылы көпқабатты үйлердің 66 ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың өтініші бойынша 2025 жылы 140 шақырым көшеге қиыршық тас төселіп, бұл мақсатқа 1,3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Өткен жылы аудан бойынша 25 жоба тұрғындардың тікелей ұсынысымен іске асты. Ал биыл тағы 21 жоба: балалар алаңы, футбол және баскетбол алаңдары, жаяу жүргінші жолдарын салу мақсат етілген. Кездесу соңында тұрғындар жол сапасы, ауланы абаттандыру, тазарту, үй құрылысын қайта жүргізуге қатысты сұрақтарын қойды. Инженерлік желілер де жаңартылған. Ақжар тас жолынан Өрлеу тұрғын алабына дейін көше жарықтандыру жүйесі орнатылды дейді Рүстем Өтешов. Жаңа ауыл-1, Рауан-2, Ақжар плюс аумақтарында электр және газ желілері іске қосылған. Осылайша, Алматы ауданында инфрақұрылымды жаңғырту мен әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстар биыл да жалғасады.Количество показов: 6
Дата создания: 04.02.2026 08:14:08



















