Алимент төлмей жүрген әке көп
Елімізде алимент төлемейтін әкелер санының көптігі — өзекті мәселе. Заң бойынша алименттен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Борышкерлерді жауапқа тартудың қатаң шаралары қарастырылғанымен мәселе әлі де шешімін табар емес. Өз баласына тиісті тиынын төлемейтін әкелер әлі де бар. "Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында алимент өндіру бойынша заңдылықтың сақталуы талап етіледі. Алимент - кәмелетке толмаған балаларды, еңбекке жарамсыз ата-ананы немесе бұрынғы жұбайын материалдық қамтамасыз ету үшін заң бойынша төленетін төлем екені белгілі. Өткен жылы бала алдындағы алиментті әдейі төлемеген 48 азамат жауапкершілікке тартылды, ал 2026 жылы 4 борышкерге дәл осындай жаза қолданылды. 2025 жылы 222 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 536 000 теңге әкімшілік айыппұл өндірілген. Осы жылы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен бірлесе 913 борышкерді жұмысқа орналастырды.Количество показов: 9
Дата создания: 03.03.2026 06:18:59



















