FIFA 2018 Еуропалық банк мәртебесіне ие болған "Альфа-Банк" қазақстандықтарға тамаша сыйлық жасамақ. "Альфа-банкпен жеңіске жет !"- акциясына қатысқан әр азамат футболдан өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Ол үшін тіпті ғимараттан шығудың да қажеті жоқ. Бар болғаны банктің интернет сайтында қысқа сауалнаманы толтырып, футбол жанкүйерінің алтын картасын алуыңыз шарт. Ал банк қызметкерлері картаны сізге үш күнде ашып береді. Қаржы мекемесінің директоры Әсия Құлдыбаеваның айтуынша, қызмет деңгейі мен мүмкіндігі жағынан бұл картаның теңдесі жоқ. "Альфа-банкпен жеңіске жет !" акциясы бүгінге дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында банк ұтыс сыйлықтарын бірнеше мәрте ойнатып, іріктеу жүргізді. Айта кетейік, қызықты науқанға қатардағы салымшылармен қоса кәсіпкерлер де қатысты.
Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына билетті банктің кез-келген клиенті ұтып ала алады. Ең бастысы "Алфа-банк" картасын кез-келген жерде қолданыңыз. Сауда-саттық, банктік төлемдер сынды операцияларды орындаңыз. "Альфа-Банк" АҚ еншілес банкі қызметкерлерінің жалпы саны 36 мыңнан асады. 17,9 млн. нан астам жеке және корпоративті тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді. Банк бөлімшелерінің саны жыл санап өсуде. Ал "Альфа-Банк" АҚ ЕБ Ақтөбедегі филиалы Ә.Молдағұлова даңғылы 5 "А" мекенжайы бойынша орналасқан.
Количество показов: 1422
Дата создания: 18.05.2018 10:30:03
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>