Алдағы 2 күнде +43 градус ыстық болады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, шілденің 4-5 күндері Ырғыз, Шалқар аудандарында ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі. Қала бойынша, түнде +22 +23 градус, күндіз +35+38 градус ыстық сақталады. Синоптиктер бұған циклонның белсенділігі себеп дейді. Аптап ыстық әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандарға қиын. Соңғы екі тәуліктің ішінде Ақтөбе темір жол ауруханасына егде жастағы 3 адам жеткізілген. Үшеуінің де қан қысымы жоғары, әрі гипертензиямен есепте тұрғандар. Дәрігерлер, тұрғындарға далада бас киімсіз жүрмеуге, суды көп ішуге кеңес беріп отыр. Балалар мен зейнеткерлердің үйден шықпағаны абзал.
Количество показов: 1691
Дата создания: 03.07.2017 18:58:44