Алаяқтар әрекеті тыйылмай тұр
Алаяқтар әрекеті әлі де тыйылмай тұр. Өзін банк немесе түрлі компания қызметкері ретінде таныстырып, смс-код сұрайтындар көбейген. Тұрғындардың айтуынша, кей жағдайда олар тіпті күніне бірнеше рет хабарласып, азаматтардың атына онлайн несие рәсімдеуге әрекет жасайды екен. Құзырлы органдар белгілі бір схемалармен күрес жүргізіп жатқанымен, алаяқтар түрлі тәсілдерді қолдануды тоқтатпаған. Мамандар соңғы уақытта жасанды интеллект пен биометриялық деректерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық түрлері көбейгенін ескертеді. Қаскөйлер көбіне қоғамдық орындарда адамдардан көмек сұрап, олардың телефонын қолдануға тырысады. Мұндай жағдайда экранға қол тигізу, кодты дауыстап айту немесе камераға қараудың өзі қауіпті болуы мүмкін. Өйткені алаяқтар адамның дауысын, бет-әлпетін немесе саусақ ізін пайдаланып, онлайн несие рәсімдеуге әрекет жасайды. Ал тұрғындар бұл жайттан хабарсыз екендерін жеткізді. Ал мамандар бейтаныс адамдардың телефонын ұстамауға, күмәнді бейнеқоңырауларға жауап бермеуге және жеке деректерді жарияламауға кеңес береді.Количество показов: 6
Дата создания: 16.05.2026 06:37:02



















