Алаяқтар енді коммуналдық мекемелердің атын жамылып, елді алдауға көшкен
Әлеуметтік желі тағы да алаяқтардың әрекетін талқылап шулап жатыр. Бір емес, бірнеше адам мұндай ақпараттық шабуылдардың құрбанына айналып үлгергенге ұқсайды. Сондықтан желіде тұрғындарды алаяқтардан сақтануға шақыратын мынандай бейне роликтер де пайда болды.Алаяқтар коммуналдық қызмет ұсынушы мекемелердің өкілдері атынан телефон шалады. Алдымен коммуналдық мекеменің әлдебір ақпараттарынан хабардар етуі мүмкін. Сенімге кірген соң кәдімгі алаяқтық әрекетке көшеді. Бірден тұтқаның арғы жағындағы адамның жеке деректерін сұрап,СМС арқылы жіберілген кодтарды айтуын өтінеді.
Осылайша тағы бір алаяқтық әрекеттің түрі пайда болды. Сондықтан коммуналдық қызмет ұсынушы мекеме өкілдері мұндай кезде сақ болу керектігін ескертеді.
Количество показов: 18
Дата создания: 29.05.2025 00:31:49