Алаяқтар айласын асырып тұр
34 жастағы ақтөбелік "Голд" қаржы пирамидасына салынған ақшаны қайтаруға көмектесемін деген сылтаумен екі адамды сан соқтырды. Күдікті биыл 20-шы ақпан күні қаржы пирамидасына салған ақшасын қайтартып беремін деп 28 жастағы қала тұрғынының 1 миллион теңгеден артық ақшасын жымқырады. Дәл сол күні, дәл осы сылтаумен 30 жастағы Кеңқияқ ауылының тұрғынынан 200 мың теңге көлемінде қаражат алған. Жәбірленушінің екеуі де полицияға осы айда арызданған. Деректерге қатысты "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Количество показов: 847
Дата создания: 12.06.2020 18:54:54



















