Қаланың кей көшелерінде санитарлық тазалық алаңдатып отыр
Қала тазалығы көпшілікті алаңдататын мәселелердің бірі. Тұрғындардың айтуынша, кей жерлерде қоқыс үйінділері көбейіп, жағымсыз иіс қолайсыздық тудыруда. Шаһардағы 11-ші мөлтекаудандағы Угольник, Вагонный және Локомотивная көшелерінің бойында қоқыс мәселесі ушығып тұр. Тұрмыстық қалдықтар белгіленбеген жерлерге төгіліп, айналаға жағымсыз иіс тараған. Тұрғындардың айтуынша күн ысыған сайын қолаңсы иіс күшейіп, көшеде жүрудің өзі қиындап кеткен. Бұған дейін олар бұл мәселені өздігінен шешуге тырысып, аумақты тазалауға атсалысып жүргендерін жеткізді.Жергілікті тұрғын қоқыстың уақытылы шығарылмауы мен осы ауданда тұратындардың қоқысты бейберекетсіз тастауы- осы мәселенің басты себептерінің бірі ретінде айтады. Айналада көпбалалы отбасылар жетерлік, балалар күн сайын осы маңнан өтеді, мына иістен оларды көшеге шығармай отырмыз,- дейді олар. Тіпті, көше тұрғындарының айтуынша, бұл қоқыс үйінділерінің өртеніп кеткен кездеріде болыпты. Тұрғындар тазалық мәселесіне барша жұртшылық жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосса деген пікірлерін білдірді. Себебі, көше-ортақ тұратын үйіміз. Ол жерден бәріміз де жүріп-тұрамыз. Қоқыс тастау мәдениетін өзімізден бастаған жөн,- дейді олар. Ал коммуналдық мекеме келіп, қоқысты ала ма дегенде, тұрғындар тек қоқыс үйілген кезде алады, тазалап жатқан техниканы көрмейміз,- деді. Әйтсе де, тұрғындар үйден шыққан қоқысты жинақтап, айналаға шашпай,тек арнайы жәшікке салғаны абзал болар деген пікірді де білдірді.Количество показов: 6
Дата создания: 18.06.2026 08:07:20



















