Қаланың көп бөлігін су басты
Нөсер жауын әсіресе "Батыс-2" ауданының тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Мұндағы көшелерді арнайы техникалар әлі де жауын суынан құрғатып жатыр. Алайда, орнында қалған лай-батпақ жаяулардың жүріп-тұруына қиындықтар туғызуда. Шаһардың бетке ұстар ауданының тұрғындары "суағарлар жүйесі дұрыс жасалған болса, мұндай әуре-сарсаңға түспес едік", дейді. Ал, қалалық әкімдіктегілер коммуналдық қызметтердің тәулік бойы жұмыс істеп жатқандықтарын айтады. Кешелі бері жұмысқа тартылған 85 су тасығыш, 7 мотопомпа, кәріз құдықтарын тазалау бойынша 2 бригада тынбай еңбек етуде. Атап өтейік, жеке тұрғын үй секторындағылар аулаларын су басқан жағдайда 109 қызметіне хабарласа алады. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданып, көмекке арнайы техникалар жіберіледі. Ал, көп қабатты үйлердің аулаларына басқарушы ұйымдар мен тұрғындардың өздері жауапты.
Количество показов: 980
Дата создания: 16.05.2022 18:57:44














 
    




 