Қаламызда жылу желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Облысымызда жылу желілерінің гидравликалық сынағы жылына екі рет өткізіледі. Кезекті тексеріс 7-11 қыркүйек аралығында жүргізілді. Оның негізгі мақсаты құбырлардың әлсіз тұстарын, жасырын ақауларды анықтап, қыс мезгіліндегі жоғары жүктемеге алдын ала дайындалу. Сынақ барысында қаланың магистральдық және тарату жылу желілерінен 15 зақым анықталды. Қазіргі уақытта олардың барлығы жойылған. Сынақ жүргізу сәтінде Абай даңғылы мен Жамбыл көшесіндегі екі бөлікте зақым бірнеше рет тіркелген. Қазір бұл аумақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жәнеде тұрғындарды ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қорға сақтау желі сызбалары іске қосылған. Соның арқасында аталғанбөліктердегі тұрғын үйлердің басым бөлігі ыстық сумен қамтылып отыр. Қазір ыстық судың болмауы жекелеген үйлерде ғана байқалады. Мамандар қазір зақымдарды жою жұмыстарымен айналысып жатыр. Жөндеу аяқталғаннан кейін аталған аумақтар жылумен жабдықтаудың штаттық сызбасына қайта қосылады. Қала жылу беру маусымына толықтай дайын.Количество показов: 14
Дата создания: 15.09.2026 09:19:22



















