Қаламызда жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді
Қаламызда күрес спортының дамуына серпін беретін жаңа нысан пайдалануға берілді.Құрылысы 2023 жылы басталған жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Жанқожа батыр көшесінде орналасқан нысан өңірдегі күрес спортының дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде. Мұнда грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге барлық жағдай жасалған. Бүгінде облысымызда күрестің қай түрі болмасын қарқынды дамып келеді,- дейді спорт мамандары. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда облыс орталығы мен барлық 12 аудандағы 714 секцияда, 14 363 спортшы тұрақты түрде жаттығады. Оның 3 180-і ауылдық жерлерде Ал олардың дайындығына 212 жаттықтырушы жетекшілік етеді. Ақтөбелік балуандар бүгінде республикалық және халықаралық жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындар алып келеді. Жаңа спорт кешенінің ашылуы облыстағы спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Кешеннің жалпы аумағы 2200 шаршы метрден асады және бір мезетте 200 спортшыны қабылдай алады. Бұл нысан өңірде күрес спортын дамытуға және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға өз үлесін қоспақ.
Количество показов: 28
Дата создания: 04.07.2026 07:27:04



















