Қаламыздағы Пацаев көшесіндегі жол құрылысы жұмыстары аяқталды
Пацаев көшесінің бойындағы жол құрылыс жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы жанданған. Соның ішінде жұмыстар Әбілқайыр хан көшесінен Маресьев көшесіне дейінгі жолдарда жүргізілген. Ал Маресьев көшесінде құдықтардың айналасы тегістеліп, асфальттың екінші қабатын төсеуге дайындық жұмыстары атқарылуда. Қаладағы жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып келеді. Пацаев көшесінде құрылыс аяқталып, жол қозғалысы қайта жанданған. Соның ішінде Әбілқайыр хан көшесінен бастап Маресьев көшесіне дейінгі жол құрылысы толық жасалған. Ал Маресьев көшесінде жұмыстар әлі жалғасуда. Қазіргі таңда Маресьев көшесінің бойында құдықтардың айналасы тегістеліп, асфальттың екінші қабатын төсеуге дайындық жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бордюрлер орнатылуда. Бейбітшілік көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін асфальттың бірінші қабаты салынған. Құрылыс мамандарының мәліметінше, жол құрылысы жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Осыдан кейін нысан пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Жауаптылар барлық жұмысты жоспарланған мерзімде аяқтап, жолды тұрғындар игілігіне беруді көздеп отыр.Количество показов: 21
Дата создания: 24.07.2026 07:20:38



















