Қаламыздағы Нариманов көшесінің жолдары жөнделуде
Шаһар жолдары- көп сынға ұшырайтын мәселелрдің бірі. Соңғы жылдары қала ішіндегі көше жолдары кезең-кезеңімен жөндеу көріп келеді, өмірі асфальт көрмеген көшелерге де жаңа жолдар салынуда. Осы тұрғыда тұрғындармен тілдесіп көрдік. Айтуларынша қаламызда жол жөндеу жұмысын қажет ететін көшелер әлі де көп. Халық соңғы 2-3 жылдықта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына риза, әйтсе де, жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалатынына наразылықтарын жасырмады. Қала көшелеріндегі жол мәселесі тұрғындарды толғандыратын өзекті тақырыптардың бірі. Тұрғындармен тілдестік. Айтуларынша қаламызда жол жөндеу жұмысын қажет ететін көшелер көп. Халық жыл сайын жөндеу жұмыстарының қарқын алатынын жасырмады. Алайда жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалатынына наразы. Қазір қаламыздағы Нариманов көшесінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Жол автокөліктер үшін жабық. Бұл көше жолы да, сын көтермейтін көшелердің бірі. Көктем-күзі суға толып, жазда жолдары щұрық-тесік болып жатады. Мердігер мекеменің мәліметінше, бұл көшедегі жұмыс 19 шілдеде басталған. Жоспар бойынша жөндеу осы айдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Маманның айтуынша жолдың бірінші асфальт қабаты толық төселгеннен кейін, көлік қозғалысы қайта ашылады. Дәл осы мердігер Жанқожа батыр көшесінде де жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Жұмыстар әлі толық аяқталмады. Бірақ көше автокөлік үшін ашық. Әзірге асфальттың бірінші қабаты төселген, енді көше жолдарының жаны абаттандырылып, кейін асфальттың екінші қабаты төселеді. Екі көшенің жөнделуіне де "Ассана дорстрой" компаниясы жауапты.Количество показов: 12
Дата создания: 25.07.2026 06:53:36



















