Қаламыздағы 4 бау-бақша ұжымы кешеден бері жарықсыз отыр
"Транспортник", "Пырей", "Вагонное депо- 1" және "Вагонное депо- 1А" бау-бақша ұжымдарының тұрғындары кешелі бері жарықсыз отыр. Сазды су қоймасының бойында жер қазып жатқан эксковатор электр сымы тартылған бағандардың бірін құлатып тастаған. "Вагонное депо 1А" бау-бақша ұжымының төрағасы Алексей Силаковтың сөзінше, кеше түнде ол ауыр техника дыбысынан оянған. Тысқа шыққан ер адам жер қазып келе жатқан техниканың үйінің алдына таяп қалғанын көреді. Алексей Силаков эксковатор жүргізушісінен үйінің алдындағы жалғыз өткелді бұзбай тұра тұруды өтінген. Андрей Мисюрин "Пырей" бау-бақша ұжымының төрағасы. Мисюриннің айтуынша, қазылған шұңқырдың ұзындығы шақырымға жуықтайды. Ауыр техникамен жер қазып жатқандар "Жігер Ақтөбе" серіктестігінің жұмысшылары екенін білген. Ал Сазды су қоймасы арнасын тереңдетіп, кеңейтуге тапсырыс берген қала әкімдігі екен.
Бүгін осы жағдайға орай қалалық тұрғын үй-коммауналдық шаруашылық бөлімі түсінік берді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілінің сөзінше, саяжай тұрғындары өз учаскелеріне 312-атқыштар дивизиясы даңғылымен барулары тиіс. Өйткені әу бастан жер телімдері берілген кезде солай жоспарланған. Алайда Сазды өзенінің арналарын тазарту жұмыстары көптен бері жүргізілмегендіктен, тұрғындар жолдарын қысқарту мақсатында арналарды кесіп өтетін өткелдер жасап алған. Арналар бойындағы өткелдер уақытша қалдырылатын болды. Бірақ көктем мезгілінде су тасқынын болдырмас үшін ол өткелдерді бұзуға тура келеді. Ал құлаған электр бағанын қайта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Количество показов: 1990
Дата создания: 23.11.2016 18:46:57
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>