Қаламызда тұрғындар аяқталмаған сауда нысанына қатысты шағымданып отыр
Қаламызда тұрғындар аяқталмаған сауда нысанына қатысты шағымданып отыр. Олардың айтуынша, осы уақытқа дейін аталатын орында әлеуметтік дүкен жұмыс істеген. Кейін нысан алынып, орнына жаңа сауда павильондары салынады деп жоспарланған. Құрылыс басталғанымен, жұмыс аяқталмаған. Тұрғындарға "жақында ашылады" деп уәде етілген, алайда әзірге нақты нәтиже жоқ, дейді тұрғын.Ағайынды Жұбановтар көшесі. Бұл жерде бұрын әлеуметтік дүкен орналасқан. Нысан алынып тасталғаннан кейін оның орнына заманауи сауда павильондары салынады деп жоспарланған екен. Алайда басталған құрылыс жұмыстары аяқталмай, нысан пайдалануға берілмеді, дейді тұрғын. Осы мәселе бойынша Тілеужан есімді қала тұрғыны редакциямызға келіп, шағымын білдірді. Жоба бойынша тапсырыс беруші - "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Ал құрылыс жұмыстарын "Виктория" ЖШС жүргізуде. Қазір нысанда құрылыс қаңқалары ғана тұр. Тұрғынның айтуынша, бірнеше рет жауапты тараптарға жүгінгенімен, жауап тек сөз күйінде қалған. Тұрғындар жауапты мекемелерден құрылыс жұмыстарының нақты қашан аяқталатынын және сауда нысанының қашан пайдалануға берілетінін білгісі келеді. Әсіресе егде жастағы тұрғындарға қолайсыздық туып жатқанын айтады. Жауаптылармен байланысқа шыққан едік, мардымда жауап ала алмадық. Әзірге үнсіз. Тұрғындар жауапты мекемелердің уәдесі сөз жүзінде қалмай, іске ұласса екен дейді. Ал әзірге бұрыңғы әлеуметтік дүкеннің орны қоршаулы, аяқталмаған нысан күйінде тұр.
Количество показов: 11
Дата создания: 01.09.2026 09:17:03



















