Қаламызда әскери қызметшілерге арналған семинар өтуде
Әскери қызметшілер арасындағы суицидтің алдын алу: өзекті мәселелер мен шешімдер. Әскери қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы бағытта қаладағы №2 қалалық емханада әскери психологтарға арналған семинар-оқыту ұйымдастырылды. Қатысушылар семинар барысында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, түрлі психологиялық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін талқылады. Әскери қызметте физикалық дайындықпен қатар психологиялық тұрақтылықтың да маңызы зор. Өйткені сарбаздың көңіл күйі мен психикалық жағдайы оның қызметіне, ұжыммен қарым-қатынасына және қабылдайтын шешімдеріне тікелей әсер етеді. Қай уақытта да азаматтардың әскери ортаға бейімделе алмауы өзекті мәселе болып отыр. Дезадаптацияның, яғни бейімделе алмау тұйықталу, себепсіз агрессия және бұйрықтарды орындаудан бас тарту сынды мінездерден көрінеді. Ал физиологияда ұйқының бұзылуы, тәбеттің жоғалуы және бас ауруы, асқазан аурулары арқылы байқалады. Азаматтарға әскерге барған мезетте бастапқы екі апта маңызды рол атқрады. Мамандардың сөзіншще, олар арнайы тест тапсырып, психологиялық тұрғыда тексеріледі. Басқосуда патопсихологияның негізгі бағыттары, психикалық ауытқулардың алғашқы белгілерін анықтау және суицидтің алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар әскери қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсету, күйзеліске төзімділікті арттыру және жас сарбаздардың әскери ортаға бейімделуіне көмектесу тәсілдері талқыланды. Қазіргі таңда жастар арасында депрессия, мазасыздық, қорқыныш белгілері кездесіп жатады. Оған нақты себеп жоқ, дейді мамандар. Дегенмен бүгінде ақпараттың көптігі мен ортаның және тәрбиенің әсері зор екенін жеткізді. Мамандардың айтуынша, әскери психологтың міндеті - мәселе туындағаннан кейін ғана емес, оның алдын алу бағытында да жүйелі жұмыс жүргізу.Количество показов: 9
Дата создания: 16.07.2026 07:28:50



















