Қаламызда педагогикалық шеберлік конференциясы өтті
Бүгін қаламыздағы Мақсот Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 70 жылдығына арналған "Педагогикалық шеберліктің трансформациясы: жаңа прадигма және жасанды интеллект" республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға 130 адам қатысты. Іс-шара барысында педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға Мақсот Құсайыновтың мұрасы кеңінен талқыланып, заманауи білім беру жүйесіндегі педагогтің рөлі, кәсіби бағдар беру, педагог мәртебесі және жасанды интеллекттің білім беру үдерісіне ықпалы сияқты мәселелер қарастырылды. Конференция бағдарламасына сәйкес қатысушылар педагогикалық шеберліктің жаңа бағыттары, білім беру жүйесіндегі трансформациялық өзгерістер, дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша баяндамаларды тыңдалды. Сонымен қатар М.Құсайыновтың өмір жолына да тоқталды.Аталған конференция педагогтер мен білім беру саласы мамандары үшін педагогикалық мұраны заманауи білім беру үрдісімен ұштастыруға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және тәжірибе алмасуға бағытталған алаң болды. Конференцияның практикалық бөлімі «Ұстаз мұрасы: дарындылық және цифрлық трансформация алаңы» тақырыбында М.Құсайынов атындағы лицей-интернат базасында жалғасты.Количество показов: 9
Дата создания: 01.05.2026 06:15:37



















