Қаламызда құны 5,5 млод. теңге болатын жеке мектеп ашылады
Қаламызда 1 жылдық білім алу құны 3 млн теңге болатын жеке мектеп ашылады. Білім мекемесі 600 орынға шақталған. Бүгін өңірімізге іс сапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов аралап шықты. Қазір мектеп ауласында абаттандыру мен сыртқы жұмыстар жүргізілуде. Жеке білім мекемесінің құрылысы 2023 жылы басталған. Жеке кәсіпкер қаржыландырып отыр. Қалтасынан 5,5 млрд. теңге құйған. Ғимарат көлемі 19 000 шаршы метр. Мұнда балабақша, мектеп кабинеттері, спортзал, зертханалар болады. Тіпті заманауи мектепте шаһар оқушыларына арналған оқушылар сарайы да болады. Білім ордасында балалар арнайы IB бағдарламасы бойынша білім алады. Яғни халықаралық мектеп статусына ие болады. Болашақта түлектердің әлемнің үздік оқу орындарына түсуіне мүмкіндік береді. Жеке мектеп әзірге 8 сыныпқа дейінгі оқушыларды қабылдайды. Ол үшін білім алушы арнайы емтихан тапсыруы тиіс. Оқу жылы аяқталысымен жаңа оқу жылында осы мектепке құжат тапсырғысы келетіндер саны артқан. Бүгінге дейін 100 адам өтініш білдірген. Біо жылдық оқу құны 3 млн. теңге. Кез келген ата-ана баласын үздік мектепте оқытқысы келетіні анық. Дегенмен, қараша халықтың қалтасы көтере ме?Количество показов: 17
Дата создания: 14.06.2025 09:06:45