Қаламызда Қазақстандық бухгалтерлік аутсорсинг қауымдастығының форумы өтті
Шараға еліміздің бірнеше өңірінен келген кәсіби мамандар қатысты. Форумның тақырыбы - 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі. Қатысушылар заңнамадағы өзгерістерді талқылап, тәжірибе бөлісіп, кәсіби сұрақтарға бірлесе жауап іздеді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, пікір алмасу мен сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты. Аягөз Арыстанованың дайындаған сюжетінде толығырақ.2025 жылдың 8 қарашасында Ақтөбе қаласында Қазақстандық бухгалтерлік аутсорсинг қауымдастығының форумы өтті. Шараға 500-ден астам қатысушы — мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері, салық кеңесшілері, аудиторлар мен кәсіпкерлер жиналды.Форумға Ақтөбе өңірімен қатар Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Орал, Ақтау және Шымкент қалаларынан келген мамандар қатысты. Спикерлер қатарында Нұргүл Бектібаева, Жанар Қожабаева, Берік Заиров, Айжан Балакешева және басқа да тәжірибелі сарапшылар болды.
Биылғы форумның басты тақырыбы — 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі. Қатысушылар заңнамадағы өзгерістерді талқылап, тәжірибе бөлісіп, кәсіби сұрақтарға бірлесе жауап іздеді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, пікір алмасу мен сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты.
Спикерлердің айтуынша, мұндай кездесулер кәсіби ортадағы сенімді арттырып, саланың өзекті мәселелерін бірге шешуге жол ашады . Қаламызда өткен форум бухгалтерлік аутсорсинг саласындағы өзекті тақырыптарды қамтып, тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Количество показов: 16
Дата создания: 11.11.2025 13:05:31



















