Қаламызда 26 қоғамдық орын абаттандырылуда
Қаламызда тұрғындардың сұранысымен тағы бір қоғамдық кеңістікті жаңарту жұмыстары басталды. Биыл демеушілердің қолдауымен қаладағы 26 қоғамдық орын абаттандырылуда. Соның бірі, 12 шағын аудан, Бөкенбай батыр көшесі бойындағы аумақ. Қазір жаңа аллеяның жұмыстары қызу жүріп жатыр. Соңғы екі жылда қалада бос жатқан жерлер абаттандырылып, қала тұрғындарының демалатын орнына айналып жатыр. Оған тұрғындар да күнделікті куә болып жүр. Сондай бір орын-12 шағын ауданы, Бөкенбай батыр көшесі бойындағы скверь. Бұл жер ұзақ уақыт бойы қараусыз жатқан. Аумақтың жалпы көлемі 4 мың шаршы метрді құрайды. Қала әкімі тұрғындардың демалысына арналған шағын сквер салу жөнінде "Бабек құрылыс" компаниясына ұсыныс білдірген. Компания бұл бастаманы қолдап, бүгінде аумақта абаттандыру жұмыстары басталып кетті. Бұл көшенің бойында қонақ үйлер, басқа да компаниялар орналасқан ғимараттар көп. Жұмыстар аяқталғанда бұл жер жаяу адамдардың жүруіне, демалуына ыңғайлы ашық аллея болуы тиіс,- деді қала әкімі. Жауапты мердігердің сөзінше, қазір аумақ асфальтталып, түйіршік тас төселіп жатыр. Кейін шағын саябаққа 35 шамдар қойылады. Жаңадан орындықтар, қоқыс салатын урналар, балалар ойнайтын алаңқайлар орнатылады. Қазіргі таңда суару жүйесі толықтай жүргізілген, 20 шырша отырғызылған. Алдағы уақытта газон және басқа да желек түрлері егіледі. Мамандардың айтуынша, жұмыс жақын арада аяқталып, қолданысқа беріледі. Мұндай жобалар қала келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың жақсы демалуынада оң әсерін тигізбек.Количество показов: 18
Дата создания: 20.06.2026 07:52:13



















