Қалалық мәдениет мекемелері жылды қорытындылады
"Мәдениет, тіл және қоғам: нәтижелі жұмыстар мен жоспарлар" атты алқа жиыны бүгін қаламыздың Мәдениет үйінде өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты қалалық мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жылды қорытындылады. Шара барысында «Ақтөбе қаласының ономастикалық картасы» жобасының таныстырылымы өтті, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы "Есепті жылдағы ауқымды істер мен алдағы перспективалық жобалар" туралы баяндамасында, жетістіктер мен кемшіліктер ғана емес өзекті мәселелер де талқыланып, шешу жолдарына тоқталды. Жиында көрсетілген мәселелер мен ұсыныстар бойынша алқа жиынының шешімі қабылданып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарған қызметтерінің көрсеткіштеріне байланысты үздік мәдениет мекемесі анықталып, мәдениет және тіл саласы қызметкерлері марапатталады. Жылдың әр сала бойынша үздіктерінің қатарында "ең үздік кітапханашы" да бар. Үздік атақ М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың жас қызметкері Назерке Жәлеловаға берілді. Ол жылдар бойы жеткен жетістіктері аясында атқарған қызметтеріне қарап бағаланғанын айтады. Алқа жиынына қала әкімінің орынбасары, мәдениет қызметкерлерімен бірге салалық депутаттар, мәдениет және тіл саласының ардагерлері қатысты.Количество показов: 11
Дата создания: 18.12.2025 09:45:08



















