Қалалық бөлім басшылары тұрғындарды қабылдады
Қабылдауға келгендердің арасында жер мен тұрғын үй кезегіне тұрғандар жетерлік. Кезегіміз жылжымай жатыр дейді. Солардың бірі - Сейітжан Қарымсақов. 2001 жылы Қарақалпақстаннан Ақтөбеге көшіп келген. Тыл ардагері болған әкесі Әбдіжан Қарымсақов 2007 жылы тұрғын үй кезегіне тұрыпты. Алайда 5 жыл бұрын ақсақал армандаған пәтеріне қол жеткізе алмастан көз жұмады. Кейін үлкен ұлы әкесінің орнына кезекке тұрған. Бірақ, өзгеріс жоқ. Ал ақтөбелік Күнбол Мырзабергенованы баспана салу мерзімінің қысқалығы алаңдатады. 2006 жылы жер кезегіне тұрған ол жерін биыл алған. Алайда, үй тұрғызуға 2 жыл тым аз дейді. Қаражат қажет. Қазір қала маңындағы жерлер кезегі келген азаматтарға екі жыл мерзімге жалға беріліп жатыр. Осы аралықта баспанасын көтеру қажет. Дегенмен, мамандар тұрғындардың жағдайлары да ескерілетінін айтады. Білім, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сәУлет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшыларына да тұрғындар өз сауалдарын қойып, жауап алды.
Количество показов: 1478
Дата создания: 12.02.2018 18:45:56