Қалада зәулім неке сарайы ашылды
Ал, Хамза Тоққожин мен Майра Мұхамбеталинаның отандасқандарына 50 жыл толды. 3 баласынан 6 немере сүйіп отырған бақытты отбасы. Алтын тойға бірлік пен ынтымақтың, сыйластықтың арқасында жетік дейді үлгілі жұп. Бүгін алтын және зүбәржат тойларын тойлаған Хамза Тоққожин мен Майра Мұхамбеталина, Орынбасар мен Гүлнәзен Дәуленбаевтарға және жас жұбайларға мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова арнайы сыйлықтарын табыстады. Неке сарайы ертеңнен бастап халыққа қызмет көрсетеді. Мамандардың сөзінше, жазда отау құрушылар саны екі есеге артады. Бір жылда 4,5 мыңнан астам жұп неке қиса, соның жартысы маусым мен тамыз айларында. Дегенмен, ажырасушылар саны да азаймай отыр. Неке қиған жұптың 30 пайызға жуығы ажырасып кетеді.
Количество показов: 2352
Дата создания: 01.06.2018 11:06:55