Қаладағы жағымсыз иіске қатысты сот жүріп жатыр
Қала тұрғындары соңғы жылдары жағымсыз иіске жиі шағымданған болатын. Бұл мәселе ақыры ушығып, сотқа дейін жеткен. Қоғамдық бақылау өкілдері биопрепараттарды қолдану барысында қаржылық заңбұзушылықтар болғанын айтып, істі сотқа жеткізді. Жағымсыз иіс соңғы жылдары қаламыздың өзекті мәселеге айналғаны рас. Қоғамдық бақылау өкілдерінің айтуынша, күкіртсутек иісін азайту үшін кәріз-сорғы станцияларына арнайы биопрепарат құйылады. Алайда биыл препараттың толық көлемде қолданылмағаны анықталған. Мамандардың мәліметінше, 2024 жылы биопрепарат толық енгізіліп, қалада иіс мәселесі айтарлықтай байқалмаған. Ал 2025 жылы қажетті көлемнің тек жартысы ғана пайдаланылған деген күдік бар. Соған қарамастан, қаржы толық көлемде төленгені айтылды. Тұрғындар да соңғы жылдары қаламыздан кәріз иісі шығады деп көп шағымданған болатын. Тіпті кей аудан тұрғындары кешке далаға серуендемек түгілі, терезені ашудың өзі мұң деп әлеуметтік желілерге де жазған болатын. Әйтсе де қазір қала тұрғындарының көпшілігі соңғы уақытта жағымсыз иістің азайғанын айтса, енді бірі әлі де жағымсыз иістің сезілетінін жеткізді. Белсенділер аталған мәселені бірнеше жылдан бері бақылауда ұстап келеді. Олардың сөзінше, ерттеулер жүргізіліп, биопрепараттарды пайдалану тәртібі мен техникалық талаптар зерделенген. Бұл жұмыс қоғамдық бақылауға алынып, соңғы үш жыл бойы бақыланып жүр. Ал қазіргі таңда жағымсыз иіске қатысты мәселе экономикалық сотта қаралды. Қоғамдық бақылау өкілдері биопрепараттарды пайдалану кезінде қаржылық заңбұзушылықтар болуы мүмкін екенін мәлімдеді.Количество показов: 19
Дата создания: 03.06.2026 07:41:01



















