Қаладағы ірі көшелердің бірінде қозғалыс уақытша шектелді
Бейбітшілік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта жол қозғалысы уақытша шектелді. Көше бойында орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. Мамандардың айтуынша, жөндеу шамамен 20 күнге созылады. Жауаптылар алдын ала ескерту беріліп, қоғамдық көліктердің уақытша бағыттары өзгертілгенін айтады. Қазір аталған аумақта арнайы мердігер ұйым жұмысқа кірісіп, ескі жол жабындысын алуды бастайды. Дегенмен өзгерістерден бейхабар тұрғындар да бар. Кейбірі аялдамаларда автобусты ұзақ күтіп, кейін ғана Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы уақытша белгіленген орындарға барып, өз бағыттарына мінуге мәжбүр болды. Ақтөбеліктердің көпшілігі баратын жерлеріне кешігіп жеткен. Жол жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындардың күнделікті қозғалысына кедергі келтіретіні анық. Дегенмен, бұл жоба алдағы уақытта жол сапасын жақсартып, көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Количество показов: 7
Дата создания: 21.05.2026 06:05:35



















