Қаладағы инженерлік желілердің маңызды бөлігі - құбырлар
Қаладағы жылу, су және кәріз желілерінің әбден тозығы жетіп тұр. Ауызсу желілерінің 53 пайызы, су бұру жүйесінің 71 пайызы ал жылу желілерінің 53 пайызы ескірген. Мәселені шешу үшін алдағы жылға инвестициялық бағдарлама бекітілген. Ақтөбе су, энергия желілері алдағы төрт жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға қомақты қаржы алып отыр. 25 миллиард 280 миллион теңгеге тозығы жеткен құбырлар жаңартылады. Инженерлік желілерді жаңарту кезінде дәстүрлі әдіспен қатар заманауи технологиялар да қолданылады. Соның бірі - құбырларды қазбай жаңғырту әдісі. Бұл технология кезінде ескі құбырдың ішкі бөлігі арнайы материалмен жаңартылып, беріктігі қалпына келтіріледі. Мамандардың айтуынша, мұндай технология шетелде кеңінен қолданылады. Жобаның тиімділігі қаланың абаттандырылған аумағын бұзбауға мүмкіндік береді. Биыл осы әдіспен Рысқұлов көшесінен Пожарский көшесіне дейінгі аумақ диаметрі 160 миллиметрлік полиэтилен су құбыры қайта жаңартылған. Шоқан Уәлиханов көшесіндегі үйлерден Шернияз көшесіне дейінгі аумақта диаметрі 200 миллиметрлік кәріз коллекторы салынды. Ал жылу желілері бойынша Жүргенов көшесінен Жанқожа батыр көшесіне дейінгі аралықта диаметрі 630 миллиметр болатын құбыр желісін қайта жаңартылды.Количество показов: 10
Дата создания: 11.09.2026 09:40:03



















