Қалада "Volunteer school - 2026" облыстық жобасы ұйымдастырылды
Шаһарда ерікті болуды дамытуға бағытталған "Volunteer school - 2026" жобасы бастау алды. Екі күнге жоспарланған бағдарламада қатысушылар волонтерлік қызметтің түрлі бағыттарымен танысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Сонымен қатар қатысушылар психологиялық қолдау, құқық бұзушылық бағыттарындағы кездесулерге қатысып, жедел басқару орталығының жұмыстарымен танысты. Жобаның екінші күні әлеуметтік және экологиялық бағыттарға басымдық берілді. Қатысушылар мұқтаж жандарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру бағыттары бойынша жұмыс жасады. Сонымен қатар қатысушыларға арнайы дәрістер өткізілді. Ұйымдастырушылар бағдарлама аясында қарттар үйіне барып экологиялық сағат өткізуді жоспарлапты. Жоба қорытындысы бойынша үздік еріктілер марапатталмақ. Облыс бойынша еріктілер ұйымдарында мыңнан аса жас еңбек етіп жүр.Количество показов: 13
Дата создания: 21.10.2026 09:42:13



















