Қала жолдарындағы бұл көрініске көз үйренді. Таңда жұрт жұмысқа асыққан қарбаласта және кешкі сағат алты мен жеті аралығында, яғни ақтөбеліктер жұмыстан үйлеріне тарқағанда көліктер осылай жорғалап қалады. Халық жарты сағаттан көп уақыт кептелісте тұруға мәжбүр. Оның үстіне шілденің шіліңгірі бір жағынан мазаны қашырады. Шыны-шөлмектен құрастырылған "заманауи" аялдамаларымыздың жайы өз алдына бір бөлек. Шыдамы шамалы адам таксилердің қызметіне жүгінеді. Ал такси қызметтері болса, осы жағдайды өз пайдасына жаратып отыр.
Таксопарк диспетчерлері тарифті қымбаттатқандарын жоққа шығармай отыр. Алайда, сұхбат беруден бас тартты. Сондай-ақ, такси қызметтерінің өзі шақырулардың барлығын қамтып үлгере алмай жатыр. Жолдардың жабық екенін желеу етіп, таксилер тапсырыстарды орындамай да жатады.
Количество показов: 1452
Дата создания: 12.07.2018 18:56:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>